Accessibility links

Министр: Швециядағы жарылыстың құрбаны көп болуы мүмкін еді


"Стокгольмдегі жарылыстан көптеген адам қаза болуы мүмкін еді, себебі сенбі күні өзін-өзі жарып жіберген жанкешті орталықтағы дүкендерге қарай аттанған екен" деді Швеция сыртқы істер министрі Карл Билдт. Би-Би-Си-ге берген сұхбатында Билдт "шабуылдаушының нақты нені нысанаға алғаны белгісіз, бірақ оның Рождество мерекесіне арналған сауда орталығына бара жатқаны белгілі болды" деп атап көрсетті.

Ресми өкілдердің айтуынша, жанкештінің жарылғыш заттары абайсызда ертерек жарылып кеткен болуы мүмкін. Желтоқсанның 11-інде Стокгольмде болған жарылыстан тек жанкештінің өзі ғана мерт болды.

Швеция прокурорының мәлімдеуінше, тергеушілер жанкештінің есімі Таймур Абделуахаб деп болжап отыр. Ол Ирақ текті Швеция азаматы делінеді.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG