Accessibility links

Пәкістандағы шабуылдан 2 сарбаз қаза тапты


Пәкістан ресми өкілдерінің хабарлауынша, елдің солтүстік-батысындағы жартылай әскери күштердің бекетіне жасалған шабуылдан 2 сарбаз мерт болды. Сейсенбі күні Мохманд ауданындағы шабуылдан да 6 сарбаз жарақат алды. Бұл шабуылды Талибан бүлікшілері жүзеге асырған болуы мүмкін делінеді.

Желтоқсанның 6-сында дәл осы ауданда екі жанкештілік жарылыстан 43 адам қаза тапқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG