Accessibility links

Ресей Химки арқылы тасжол салмақшы


Ресей үкіметі Мәскеудің сыртындағы Химки орманы арқылы жаңа тасжол салуға келісті. Мәскеу мен Санкт-Петербургті байланыстыратын бұл тасжолдың салынуына экологтар қарсы.

Премьер-министрдің орынбасары Сергей Ивановтың айтуынша, үкімет комиссиясы барлық факторларды ескере отырып, тасжол салынуын мақұлдады. Химки орманына келтірілетін экологиялық зиян үшін шамамен 130 миллион доллар өтемақы төленеді деді Иванов.

Осы жылдың басында кең ауқымды наразалық шараларынан кейін президент Дмитрий Медведев бұл жобаны тоқтатқан болатын. Ивановтың айтуынша, бұл мәселені әлі Медведев шешуі тиіс.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG