Accessibility links

Италия сенатында Берлускониге сенім білдірілді


Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони парламенттегі оған деген сенім бойынша дауыс берулерде жеңіске жетті. Парламенттің жоғарғы палатасы - Сенаттағы заң шығарушылар Берлускониді қолдап дауыс берді.

Сейсенбі күні кешірек парламенттің төменгі палатасында да дауыс беріледі. Егер Берлускониге сенім білдірілмесе, ол қызметінен кетуі мүмкін.

Берлусконидің аты жуықта жемқорлық пен жезөкшелікке қатысты жанжалдарға байланысты аталған еді.
XS
SM
MD
LG