Accessibility links

Саясаткерлер Холбруктың қазасына қатысты көңіл айтып жатыр


Әлем елдерінің ресми өкілдері мен саясаткерлері Ричард Холбруктың қазасына қатысты көңіл айтып жатыр.

Соңғы екі жыл бойы АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы өкілі болып келген Ричард Холбрук дүйсенбі күні Вашингтондағы ауруханада қайтыс болды. 69 жастағы Холбрук жұма күні АҚШ департаментінде жұмыс істеп отырғанда қатты ауырып, бірден ауруханаға жеткізілген болатын. Ричард Холбрук 1995 жылы Босниядағы соғыстың аяқталуына себеп болған Дейтон келісімдерінің қол қойылуы үшін айтарлықтай күш жұмсады. Ол сонымен қатар АҚШ-тың БҰҰ мен Германиядағы елшісі қызметін атқарып, екі рет мемлекеттік хатшының көмекшісі болды.

Президент Барак Обама Холбрукты «Америка сыртқы саясатының нағыз алыбы» деп атады. Пәкістан президенті Асиф Али Зардари Ричард Холбрукты Пәкістанның досы деп сипаттаса, Ауғанстан президенті Хамид Карзай Холбруктың қайтыс болуына байланысты қайғырып отырғанын мәлімдеді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG