Accessibility links

Ричард Холбруктың орнына Фрэнк Раджеро тағайындалды


Фрэнк Раджеро АҚШ-тың Ауғанстандағы және Пәкістандағы арнайы өкілі міндетін атқарушы қызметіне кірісті. Раджеро кезінде Холбруктың орынбасары болатын.

АҚШ мемлекеттік департаменті Ауғанстан және Пәкістан бағытындағы саясаттың өзгермейтіндігін хабарлап отыр.

Департамент өкілі Филип Кроули Раджероның сейсенбі күні Ақ үйдегі арнайы отырысқа қатысқандығын айтты. Онда АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістанға қатысты стратегиялық тұжырымдамалары талқыланған. Кроулидің айтуынша, тұжырымдама бейсенбі күні жарияланбақшы.

Соңғы екі жыл бойы АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы өкілі болып келген Ричард Холбрук дүйсенбі күні Вашингтонда қайтыс болған еді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG