Accessibility links

АҚШ-та сауда орталығы жанындағы атыстан бір адам қаза тапты


Сейсенбі күні Калифорния штатындағы Сакраменто қаласындағы сауда орталығы маңында болған атыс салдарынан бір адам қаза тауып, бес кісі жараланғаны туралы хабарлайды Ассошиэйтед пресс агенттігі.

Полиция сауда орталығы жанындағы автотұрақта белгісіз төртеудің өзара атысы кезінде оққа ұшқан әйел адам бұл оқиғаның кездейсоқ құрбаны болды деп отыр. Ал қарудан оқ атқандар қылмыс болған жерден бой жасырып үлгерген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG