Accessibility links

Қазақстан президенті мемлекеттік наградалар тапсырды


Сәрсенбі күні Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күні қарсаңында бір топ адамды мемлекеттік наградалармен марапаттады деп хабарлайды Ақорда сайты.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы композитор Еркеғали Рахмадиевке берілсе, премьер-министр Кәрім Мәсімов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Сондай-ақ, мемлекеттік награда тапсырылғандардың қатарында мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен шенеуніктер бар. Олардың толық тізімі ресми баспасөзде жарияланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG