Accessibility links

Кубалық диссидент халықаралық сыйлығын ала алмай отыр


Куба үкіметі кубалық диссиденттің Еуропа парламентінің адам құқықтары жөніндегі сыйлығын алуына рұқсат бермей отыр. Ресми өкілдердің айтуынша, Гилермо Фаринас бүгін Страсбургтегі Сахаров сыйлығын тапсыру рәсіміне қатыспайды.

Осы жылдың басында Фаринас Кубадағы саяси тұтқындардың жағдайына наразылық танытып, ұзақ уақыт бойы аштық акциясын өткізген болатын. Осыдан кейін католик шіркеуінің арағайындығымен 52 тұтқынның босатылуы туралы келісім жасалды. Совет диссиденті Андрей Сахаровқа арналған Сахаров сыйлығы 1988 жылдан бері тапсырылып келеді.

Ал өткен аптада Ослодағы Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын түрмеде жатқан қытайлық диссидент Лю Сяобо ала алмаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG