Accessibility links

Тәуелсіздік күні "Қазақстан 2012" қозғалысы жиын өткізді


"Қазақстан 2012" қоғамдық-саяси қозғалысы Алматы қаласы әкімдігінің алдында жиын өткізіп, өз петициясын табыс етті.

Қозғалыс мүшелері алдымен тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. Жиында қозғалыс атынан сөйлеген Есенбек Өктешбаев қала әкімінің орынбасары Серік Сейдумановтың қызметтен кетуін талап етті. Өктешбаев оның себебін Сейдумановтың ауыл тұрғындарына байланысты пікірлерімен түсіндіреді.

Оның айтуынша, Сейдуманов БАҚ-қа берген сұқбаттарында ауыл тұрғындары қоғамға қауіп төндіреді деп, әлеуметтік жікшілдік тудыратын пікір білдірген.

Петицияда миллиондаған ауыл тұрғындарының нарықтық экономика құрбандары болғандығы жазылған.

Қозғалыс мүшелері Сейдумановты қызметтен кетірумен қатар әлеуметтік жікшілдікті қоздырғаны үшін қылмыстық жауапқа тартуды да талап етті.
XS
SM
MD
LG