Accessibility links

Павлюктің өліміне қатысы бар күдікті Қазақстанда сотталады


Қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысы бар деп айыпталған азамат Қазақстанда сотталады. Азаттық радиосы қырғыз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы сәрсенбі күні Қырғызстан бас прокуратурасының өкілі Тілек Мирзакулов мәлімдеген.

Қырғыз арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері Алдаяр Исманкулов осы айдың басында Алматыда тұтқындалған болатын. Оған журналист Павлюктің өліміне қатысы бар деген айып тағылып отыр.

2009 жылы 16 желтоқсанда қырғыз журналисі Геннадий Павлюк Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің 6-қабатынан жұмбақ жағдайда құлап, сол ауыр жарақаттан есін жимаған күйі 22 желтоқсанда Алматы ауруханасында қайтыс болған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG