Accessibility links

Путин Ходорковскийді ұры деп атады


Ресей премьер-министрі Владимир Путин қамаудағы бұрынғы ірі кәсіпкер Михаил Ходорковскийді ұры деп атап, ұрылар "түрмеде отыруы тиіс" деп атап көрсетті. Путин оны бүгін Ресей телеарнасы арқылы халықпен өткізген тікелей эфирде мәлімдеді.

Бұрынғы "Юкос" мұнай компаниясының басшысы Ходорковскийге қатысты екінші сот үкімінің оқылуы желтоқсанның 27-cіне қалдырылған болатын. 2003 жылы Ходорковский "алаяқтық жасады" және "салық төлеуден бас тартты" деген айыптар бойынша түрмеге қамалған. Енді оған "Юкостың" еншілес кәсіпорындарынан құны 27 миллиард долларлық мұнайдың ұрлануына қатысы бар деген айып тағылып отыр.

Егер Ходорковский мен оның іскерлік әріптесі Платон Лебедев айыпты деп танылса, олар 2017 жылға дейін түрмеде отыруы мүмкін.

Ходорковскийдің қолдаушылары оған тағылған айыптардың саяси астары бар дейді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG