Accessibility links

Абақтыдағы өзбек босқынының денсаулығына алаңдаушылық білдірілді


Қазақстаннан Өзбекстанға экстрадициялану қаупі төніп тұрған босқындарды құтқару комитеті Ұлттық қауіпсіздік комитеті изоляторында отырған 20 жастағы Файзуллахон Акбаровтың денсаулығына байланысты алаңдаушылық білдірді. 16 желтоқсанда жарияланған мәлімдемеде инфаркт алған Акбаровқа медициналық қызмет көрсетілмей отыр, оның өміріне қауіп төніп тұр делінген.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен елдің басқа да жетекшілеріне жолдаған үндеуінде аталмыш комитет Акбаровты ауруханаға жатқызу үшін қажетті шараларды қолға алуды сұраған.
XS
SM
MD
LG