Accessibility links

Діни басқарманың құрылтайына БАҚ өкілдерін кіргізбеді


Бүгін, 17 желтоқсанда Астанадағы Президенттің мәдени орталығында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылтайына тілшілерді кіргізбеді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, тек мемлекеттік БАҚ өкілдеріне 10 шақты минутқа ғана рұқсат берген діни басқарма мұның себебін түсіндіре алмады.

Өздерін ішке өткізуді талап еткен БАҚ өкілдерін күзетшілер күштеп итеріп, сыртқа шығарып жіберді.

Құрылтай жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Бұл - діни басқарма құрылғалы бері өткен бесінші құрылтай. Жиында қаралатын мәселенің бірі діни басқарма төрағасы - бас мүфтиді сайлау болатын.

Қазір БАҚ өкілдері Астананың орталық жамағат мешіті - "Нұр Астанаға" жиналып отыр. Жұма намазы кезінде құрылтай барысы жайында айтылуы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG