Accessibility links

WikiLeaks Аустралияда қылмыс жасамаған


Аустралия полициясы АҚШ-тың құпия дипломатиялық мәліметтерін жариялау арқылы WikiLeaks елде ешқандай қылмыс жасамады деп мәлімдеді. Атышулы WikiLeaks вебсайтының негізін қалаушы Джулиан Эссандж аустралиялық азамат болғандықтан Аустралия полициясына аталмыш вебсайтқа қатысты тергеу ісін жүргізу жүктелген болатын.

Эссандж бейсенбі күні Лондонда кепіл ақшаға босатылды. Швеция 39 жастағы Эссанджды қыз зорлады деп айыптап отыр. Эссандж бұл айыпты жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG