Accessibility links

Пәкістандағы әуе шабуылынан 24 адам опат болды


Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер ауданында болған әуе шабуылдарынан күдікке ілінген 24 бүлікші мерт болған. Хабарларға қарағанда, жұма күні Ауғанстан шекарасына жақын Тираһ жазығында қатарынан екі рет әуеден соққы берілген. Осыдан бір күн бұрын дәл осы аймақтағы әуе шабуылынан 7 адам қаза тапқан болатын. Пәкістандық Талибанмен одақтас Лашкар-е-Ислами тобы орналасқан Хайбердегі бұл шабуылдарды АҚШ ұшақтары жүзеге асырды делінеді.

Бұл уақытта атын атағысы келмеген америкалық ресми өкілдердің мәлімдеуінше, Орталық барлау агенттігі Пәкістандағы жоғары лауазымды қызметкерінің өміріне қауіп төнгендіктен оны елден шығарған. Осы хабарға байланысты Орталық барлау агенттігі ресми мәлімдеме таратпады.
XS
SM
MD
LG