Accessibility links

Қырғызстанда премьер-министр сайланды


Қырғызстан парламентіндегі депутаттар Социал демократиялық партиясының жетекшісі Алмазбек Атамбаевты премьер-министр етіп сайлады. Оның алдында "Ата-Жұрт" партиясының басшысы Ахматбек Келдібеков парламент спикері етіп тағайындалған болатын.

Хабарларға қарағанда, қырғыз парламенті жаңа кабинетті сайлаған. Президент Роза Отунбаева парламентте сөз сөйлеп, жаңа спикер мен премьер-министрге сәттілік тіледі.

Қазанның 10-дағы парламенттік сайлаулардан бері елде үкімет құрылмаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG