Accessibility links

Боливия Палестинаны тәуелсіз ел деп мойындады


Бразилия, Аргентина және Уругуайдан кейін Боливия да Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп мойындады. Бұл туралы Боливия президенті Эво Моралес мәлімдеді. Ол аймақта "геноцид" жасалып жатыр деп айыптап, халықаралық қауымдастықты оның алдын-алуға шақырды.

Басқа да хабарларға қарағанда, Палестина автономиясы АҚШ Өкілдер палатасында Палестина тәуелсіздігін біржақты жариялап, мойындалуына қарсы берілген дауысқа өкініш білдірді. Өкілдер палатасының қарары Израиль-Палестина жанжалының келіссөз арқылы шешілуін қолдаған.
XS
SM
MD
LG