Accessibility links

Қытай Оңтүстік және Солтүстік Корея елдерін қақтығысты тоқтатуға үндеді


Қытай сыртқы істер министрі Солтүстік пен Оңтүстік Корея елдерін Корей түбегіндегі жағдайды ушықтырмайтындай ашық келіссөздерге шақырып отыр.

Қытайдың Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, министр Яанг бұл туралы ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен телефон әңгімесінде айтты. Қытай министрінің Лавровқа айтуынша, Корей түбегіндегі жағдай бақылаудан шығып кетсе, бүкіл аймаққа салдарын тигізуі мүмкін деген.

Мұндай қауіпті Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин де айтқан болатын.

Жексенбі күні кешкісін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Солтүстік пен Оңтүстік Корея елдерінің арасындағы текетіреске арналған жиын өтеді.

Оңтүстік Корея аймақта жағдай күрделі болып отырғанда, әскери жаттығулар өткізу жоспары туралы хабарлап, Пхеньян егер аймақта ондай шаралар өтсе оған қарсы жауап болады деп ескерткен.
XS
SM
MD
LG