Accessibility links

Түрікменстанда бағбандыққа салақ қарағаны үшін ректор қызметінен алынды


Түрікменстанда Аграрлық университет басшысы оқу ордасы маңында отырғызылған ағаштар солып қалғаны үшін қызметінен алынды. Президент Гурбангулы Бердімұхаммедов оны өз жұмысын дұрыс атқара алмады деп орнынан алып тастады.

Жексенбі күні түрікменстандық ақпарат құралдары жазғандай, ректор Гурбандурды Мамметгулиев Түрікменстан үкіметінің жасыл бағдарламасы бойынша, ағаштар мен басқа да гүлдер отырғызу шарасын университет іске асырмаған деп айыпталған.

Бас прокурор Ходжамурадов ректор Мамметгулиев ағаш отырғызу ғана емес, өсіп тұрған ағаштардың күтімсіз солып қалуына жол берген деді.

Түрікменстан осы жылы 3 миллион жас ағаш отырғызғанын хабарлаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG