Accessibility links

Қытай Пәкістанмен стратегиялық байланыстарды жақсартуға сөз берді


Жексенбі күні Қытай премьер-министрі Уен Жиабао "Қытай Пәкістанның барлық жағдайдағы стратегиялық әріптесі" деді.

Бұл туралы Жиабао Исламабадқа үшкүндік сапарын аяқтай келе, парламентте сөйлеген сөзінде айтты. Ол "екі елдің ниеті - стратегиялық байланыстарды күшейту" деп атап өткен.

Қытай үкімет басшысы сондай-ақ, Пәкістанның терроризмге қарсы күреске салған күш-жігерін мадақтап, халықаралық қауымдастық мұны бағалауы керек деді.

Уен Жиабаоның Пәкістанға сапарында бизнес жетекшілері мен үкімет мүшелері құны 35 миллиард доллар болатын сауда келісімін жасады.
XS
SM
MD
LG