Accessibility links

Моттаки өзінің қызметтен алынғанын қорлау деп бағалады


Иранның бұрынғы сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки президент Махмуд Ахмадинежадтың өзін күтпеген жерден қызметтен алғанын исламға қарсы әрекет және қорлық деп атады.

Моттаки бұл пікірін жексенбі күні "Мехр" ақпарат агенттігіне берген сұқбатында айтқан. Оның айтуынша, ресми сапармен шетте жүрген үкімет ммүшесін қызметінен алып тастау саяси тәжірибеде жоқ әрекет.

Моттаки Батыс Африкада іс-сапармен жүргенде Ахмадинежад оның қызметінен алынғанын жариялаған. Парламент спикері Али Ларижани жексенбі күні Ахмадинежадтың бұл әрекетін сынға алып, бұл Иран елінің ішінде ақылға сыймайтын шешім болды деді.

Ахмадинежадке жақын билік өкілдері сыртқы істер министріне қызметінен алынатыны туралы осыған дейін ескертілген деп қайталаса, Моттаки ондай ескерту болмағанын айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG