Accessibility links

Мәскеу полициясы қақтығыс жасамақ болды деген 808 адамды ұстаған


Мәскеу қаласының полициясы Ресей жастары мен Кавказ аймағының азаматтары арасында қақтығыс болдырмау үшін қаланың аймағынан пышақ және басқа да қарулармен жасақтанған 808 адамды ұстағандарын айтты.

Полиция өздеріне ондай топтар Манеж алаңына, Останкино телемұнарасы мен ВДНХ метро бекетіне жиналмақшы деген хабар түскенін айтты. Осы аймақтарға полиция күштері орналастырылды.

Мәскеуде 1 қырғыз азаматының өліміне әкелген желтоқсанның 11-дегі ұлтшыл топтар мен футбол фанаттары арасындағы қақтығыстан бері жағдай ушығып тұр.
XS
SM
MD
LG