Accessibility links

Бішкекте Бакиев жақтастарына қатысты сот ісі өтуі тиіс


Бүгін Бішкекте Бакиев жақтастарына қатысты сот ісі өтуі тиіс.

Бұл жолы сот отырысы қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуымен қаладағы түзету мекемелерін күзету департаменті ғимаратында өтеді.

Бұған дейін сот отырыстары спорт сарайында өтіп келген. 30 қарашада болған жарылыстан кейін сот белгісіз уақытқа шегерілген еді.

Іске қатысты 28 адам айыпталып отыр. Олардың арасында елдің биліктен қуылған бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевпен бірге алты адам халықаралық іздеуде.

Ресми мәлімет бойынша, сәуірдің 7-сі күні болған оқиғалар барысында 87 адам қаза болып, 300-ден аса адам түрлі жарақат алған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG