Accessibility links

Алматылық белсенді Есенбек Өктешбаев 15 тәулікке қамалды


"Халыққа баспана қалдырайық!" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Есенбек Өктешбаев Алматының әкімшілік сотының шешімімен 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы Азаттыққа хабарлаған құқыққорғаушы Вадим Курамшиннің сөзінше, сот жексенбі күні өткен.

Естеріңізде болса, желтоқсанның 16-сы күні "Қазақстан 2012" қоғамдық-саяси қозғалысы Алматы қаласы әкімдігінің алдында жиын өткізіп, өз петициясын табыс еткен еді.

Жиында қозғалыс атынан сөйлеген Есенбек Өктешбаев қала әкімінің орынбасары Серік Сейдумановтың қызметтен кетуін талап етті.

Жексенбі күні "Халыққа баспана қалдырайық!" қоғамдық қозғалысының белсендісі Гүлзира Керімқұлова, әкімшілік соттың Өктешбаевқа қатысты шығарған шешіміне наразылық білдірген еді. Қазір қозғалыс мүшесіне қатысты қалалық сотта сот ісі қаралып жатыр.
XS
SM
MD
LG