Accessibility links

Ақмола облысында қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтатылды


Бүгін Ақмола облысы аумағында ауа райының күрт суып кетуіне байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды.

Облыстық білім басқармасына сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, таңертең ауа райының температурасы Еңбекшілдер, Зеренді аудандарында минус 30 градус болған. Көкшетау қаласында 31 градус мөлшерінде тіркелген.

Осыған байланысты Ақкөл ауданында 1-9 сынып оқушылары үшін, Астрахан, Бұланды, Есіл, Жақсы, Зеренді, Сандықтау ауданында бастауыш, Көкшетау қаласында 1-8 сынып оқушылары үшін демалыс жарияланды.
XS
SM
MD
LG