Accessibility links

«Диапазон» газеті «Қазақойл Ақтөбеден» кешірім сұрауы тиіс


Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық соты тәуелсіз "Диапазон" газеті, басылым бетіндегі суреттерінің бірінде «Қазақойл Ақтөбе» логотипін жариялағаны үшін компаниядан кешірім сұрауы тиіс деген үкім шығарды.

Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

Еске салсақ, осы жылдың 31-ші наурызында басылым бетінде Жаңаөзенде мұнайшылардың ереуілі туралы мақала жарық көрген. «Қазақойл Ақтөбе» өкілдері материалдың суретінде компанияның логотипін байқаған. Автобуста бірінші қатарда отырған мұнайшының киімінде «К» әріпі бейнеленген.

Компания дәл осы «тауар белгісі заңсыз пайдаланды» және фотосурет «компанияның имиджіне теріс әсер етеді деп сотқа шағымданған. Сот бұл шағымды толық көлемде қанағаттандырды.

Соттың шешіміне сәйкес, газет фотосуретті сайттан алып тастап, теріске шығару жариялап, сондай-ақ мұнай компаниясынан кешірім сұрауға тиіс.

«Диапазонның» бас редакторы Елена Гетмановасоттың шешімін негізсіз деп есептейді.

«БАҚ туралы заңда фотосуретті пайдаланғаны үшін кешірім сұрау деген жоқ. Тауар белгісін пайдалану - бірінші кезекте, пайда табу. Ал газет аталған компанияның тауар белгісімен ештеңе сатқан жоқ», - дейді бас редактор.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG