Accessibility links

Белгілі актер Құдайберген Сұлтанбаев қайтыс болды


Қазақстанның халық әртісі, Бүкілодақтық эстрадалық байқаулардың лауреаты, театр және кино актері Құдайберген Сұлтанбаев 64 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Азаттық тілшісіне бұл туралы марқұм жұмыс істеген Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрынан хабарланды. Театрдағы әріптестірінің сөзінше, Сұлтанбаев жексенбі күні жүрек ауруынан көз жұмған.

Көпшілік жұрт "Тамашаның тарланы" деп атап кеткен Сұлтанбаев өнер жолын 1969 жылы "Гүлдер" ансамбілінде бастаған.

1978 жылы құрылған "Тамаша" ойын-сауық отауының белді әртісі болды.

Құдайберген Сұлтанбаев өмірінің соңына дейін Алматыдағы киелі шаңырақ Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрда жұмыс істеп келді. Әртісті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі дәл осы өнер ордасында ертең, желтоқсанның 21-і күні өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG