Accessibility links

АҚШ демократтары ядролық келісімді осы аптада бекітуге тырысады


АҚШ президенті Барак Обаманың "Демократтар партиясы" осы аптада Сенатта АҚШ пен Ресей арасындағы ядролық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісімді бекітуге тырысатындарын айтты.

Сенаттағы демократтар жетекшісі Хэрри Рейд даулы ядролық келісімге дауыс беруді сейсенбіге бекітіп, Рождество мерекесіне дейін бекітуге күш салатындықтарын айтты.

Демократтар азшылық "Республикалық партияның" қарсылығына қарамастан, бұл "Стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісімді" мақұлдау үшін қажетті дауыстар болады деп сенеді.

Сәуір айында Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведев қол қойған ядролық келісім АҚШ пен Ресейдің стратегиялық ядролық оқтұмсықтарын жеті жылдың ішінде 30 пайызға дейін азайтуды көздейді.
XS
SM
MD
LG