Accessibility links

Иран жауынгерлік сүннит тобының 11 мүшесін дарға асты


Иранның сот билігі хабарлағандай, өткен аптада шийт мұсылмандарына қарсы жасалған жанкештілік шабуылдар үшін жауапкершілікті алған топтың 11 сүннит жауынгері дарға асылды.

Систан-Белуджистан аймақтық әділет департаментінің басшысы Ебрахим Хамиди "Жундалла" тобының 11 мүшесі террорлық шабуылдарға қатысқаны және полициямен қақтығысып, бейбіт халықтың өмірін қиғаны үшін өлтірілді деді.

Сүннит жауынгерлерінің "Жундалла" тобы желтоқсанның 15-де 39 адамның өмірін әкеткен жанкештілік жарылыс үшін жауапкершілікті алған болатын.

Бұл топ шийттер басым тұратын Ирандағы азшылық сүнниттер өздерінің шектеу көріп отырғанын айтып, оған қарсы шабуылдар жасап келеді.
XS
SM
MD
LG