Accessibility links

Түркияда яхтадағы дауға қатысты он адамның соты басталды


Түркиядан түскен хабарларға қарағанда, бүгін Анталияда әлемдегі ірі яхталардың бірінде халықаралық жезөкшелер үйін жасаған деген айыппен 10 адамның, оның ішінде қазақстандық бизнесмен Тевфик Арифтің соты басталды.

"Анадолы" ақпарат агенттігінің жазуынша, адам саудасы, жезөкшелер үйі мен қылмыстық ұйым құрған деген айыппен күдікке ілінгендер қатарында қазақстандық кәсіпкер Тевфик Ариф та бар.

Түркия қыркүйек айының соңында Саварона кемесінде жезөкшелікпен айналысқан тоғыз ресейлік және украин әйелдерін елдеріне қайтарған.

Түркия билігі кезінде Мустафа Кемал Ататүріктің иелігінде болған яхтаны мұражайға айналдыру жоспары бар екенін айтып отыр.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG