Accessibility links

Беларусь президенті елде төңкеріске жол берілмейді деді


Бүгін Беларусь президенті Александр Лукашенко елде төңкеріс немесе қылмыстар жасауға жол жоқ деді. Бұл мұндай ескертуді өзі жеңіске жеткен сайлаудан кейінгі наразылықтарды полиция басып тастаған соң айтып отыр. Және де Лукашенко шерушілерді "бұзақылар" деп айыптады.

Жексенбі күні он мыңдаған адам алаңға шығып, сайлау бұрмалаушылықпен өтті деп билікті сынаған. Полиция күштері жиналғандарды күшпен тарқатты. Қамауға алынған жүздеген шерушінің арасында 7 кандидат та бар.

Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Лидия Ермошина дүйсенбі күні сайлаудың ресми қорытындысын жариялап, Лукашенко 80 пайызға жуық дауыс жинады деді. Ол дауыс беруге халықтың 90 пайызы қатысты деді.

Ресей жетекшілік ететін ТМД елдерінің бақылаушылары Беларустегі президент сайлауын заңды өтті деп мәлімдеді. осы сайлауға 400 бақылаушысын жолдаған ЕҚЫҰ миссиясының басшысы Беларусь сайлауын сынап, билікті қамауға алынғандарды босатуға шақырды.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы Кэтрин Эштон шеруге шыққан оппозициялық жетекшілердің оның ішінде президенттіктен үміткерлердің соққығы жығылғанын айыптады. Кэтрин Эштон қамауға алынған кандидаттарды тезарада босатуға шақырды. Ресей бұл Беларусь елінің ішкі ісі деп, сайлауға қатысты пікір білдіруден бас тартты.
XS
SM
MD
LG