Accessibility links

Венесуэла билігі интернетті бақылауға алмақ


Венесуэла парламенті интернетте жарияланған ақпаратты реттеуге бағытталған заң жобасын мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, енді интернетте өшпенділікті, саяси және діни төзімсіздікті қоздыратын, сондай-ақ ел билігін құрметтемейтін ақпараттарды жариялауға болмайды. Осы мазмұндағы кез-келген мақала немесе сурет үшін айыппұл салынады.

Бұл заң жобасына қарсылық білдірген парламенттегі оппозиция өкілдері "аталған шаралар сөз бостандығына қауіп төндіреді" деген ойда.
XS
SM
MD
LG