Accessibility links

Беларусь билігі шерулерге қатысқан партияларды жоюы мүмкін


Беларусь үкіметінің айтуынша, жексенбі күнгі президент сайлауынан кейін Минскіде өткен жаппай наразылық шараларына қатысы бар саяси партиялар жойылуы мүмкін. Ресей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Беларусь әділет министрі Виктор Голованов үкімет шерулерге қайсы партиялардың қатысқанын тексеріп, оларды жою мәселесін көтереді деген.

Полиция мен қауіпсіздік күштері 9 оппозициялық үміткердің жетеуін тұтқындады. Олардың бесеуі әлі қамауда отыр. Хабарларға қарағанда, сейсенбі күні оппозицияның 600 қолдаушысы 15 күнге қамалған. Наразылық танытушылар билік орындарын сайлауды бұрмалады деп айыптады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауда президент Александр Лукашенко шамамен 80 пайыз дауыс жинап, келесі мерзімге қайта сайланған.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нэви Пиллай Беларустегі жағдайға байланысты алаңдаушылық танытып, билік орындарын «бейбіт шеру өткізу құқығы мен сөз бостандығын» құрметтеуге шақырды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері мен Еуропа Одағы және АҚШ Беларустегі сайлауды сынға алды.
XS
SM
MD
LG