Accessibility links

Өзбекстан Қырғызстанға газ тасымалын қысқартты


Қырғыз ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, Өзбекстан Бішкектің қарызына байланысты Қырғызстанның оңтүстігіне газ тасымалын азайтқан. Бұл туралы Азаттық радиосының қырғыз қызметі хабарлап отыр.

Ош әкімінің орынбасары Шухрат Сабировтың айтуынша, Өзбекстан күніне әдеттегі 90 мың текше метр газдың орнына 72 мың текше метр газбен қамтамасыз етуде. Қырғызстан Өзбекстанға көгілдір отын үшін 950 мың доллар қарыз деп атап көрсетті Сабиров.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG