Accessibility links

Франция ирандық режиссерді азат етуге шақырды


Франция мәдениет министрі Фредерик Миттерранд танымал режиссер Жафар Панахиді түрмеге жапқаны үшін Иранды сынады. Хабарларға қарағанда, танымал кинорежиссер әрі оппозицияның қолдаушысы Жафар Панахи алты жылға сотталған.

Иран соты Панахиді мемлекеттік құрылымға нұқсат келтіретін материалдарды насихаттады деп айыптады. 50 жастағы режиссерге шығармашылықпен айналысып, журналистермен сұхбаттасуға да тыйым салынды.

Франция министрі сот үкімін режиссердің сөз бостандығына жасалған шабуыл деп атап, Иранның билік орындарын Панахиді босатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG