Accessibility links

Британия мен Ресей бір бірін айыптап отыр


Ұлыбритания мен Ресей Лондон мен Мәскеудегі елшіліктерде қызмет еткен бір бір дипломатты елдеріне қайтарды.

Желтоқсанның 21-і күні Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейгтің хабарлауынша, желтоқсанның 10-ы күні британ үкіметі Лондондағы Ресей елшілігіндегі дипломаттардың бірін елден шығарып жіберу туралы өтініші жасаған. Министр, дипломат тыңшылық жасады деген күдік бар екендігін айтады.

Ресей өз кезегінде, дәл осындай айып негізінде Мәскеудегі Ұлыбритания елшілігінің бір қызметкерін елден шығарып жіберіп жауап қайтарды.

Лондон болса өз қызметкеріне тағылған айып негізсіз екендігін мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG