Accessibility links

АҚШ сенатында Ресеймен арадағы келісімге қатысты дауыс беріледі


Бүгін АҚШ сенатында Ресеймен арадағы ядролық қаруларды азайту жөніндегі келісімге қатысты дауыс беріледі.

Стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісімге АҚШ президенті Барак Обама мен оның ресейлік әріптесі Дмитрий Медведев сәуір айында Прагада қол қойған болатын. Хабарларға қарағанда, сенаттағы республикалықтардың кемінде 11 өкілі демократтарға қосылып аталмыш келісімді қолдап дауыс беруге келіскен.

Ресеймен арадағы бұл келісім күшіне енуі үшін оны Мемлекеттік Дума да мақұлдауы тиіс.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG