Accessibility links

Мәскеу банкіне қатысты тергеу ісі басталды


Мәскеуден келіп түскен хабарларға қарағанда, Ресей құқық қорғау органдары Мәскеу банкіне қатысты тергеу ісін бастаған.

"Коммерсант" басылымының мәліметінше, Мәскеу банкіне қатысты тергеу ісі 2009 жылы бір фирмаға берілген 415 миллион доллар несиемен байланысты болып отыр. Тергеушілердің айтуынша, аталмыш фирма қызметінен алынған бұрынғы мэр Юрий Лужковтың әйелі Елена Батуринадан қымбат бағаға жер телімін сатып алған көрінеді.

Forbes журналына сәйкес, жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын Батурина Ресейдегі ең бай әйелге айналған. Бірақ 2009 жылғы қаржылық дағдарысынан бері оның "Интеко" компаниясы қарызға бата бастаған.
XS
SM
MD
LG