Accessibility links

Бақылаушылар Беларусь билігін сынады


Халықаралық бақылаушылар мен Батыс үкіметтері Беларустегі оппозициялық наразылық танытушылардың қудалануына байланысты алаңдаушылық танытты. Олар желтоқсанның 19-да Минскідегі шерулер барысында тұтқындалған жүздеген наразылық танытушыны тезарада босатуға шақырды.

Беларусь билігін сынап отырғандардың бірі Еуропа Одағының кеңею жөніндегі комиссары Стефан Фюле Азаттық радиосына берген сұхбатында былай деп мәлімдеді:

"Біз 600-ден астам адамның қамауда отырғанын білеміз, олардың арасында президент сайлауына түскен үміткерлер де бар. Мұны қабылдауға болмайды".

Беларусь билік орындарының хабарлауынша, ұсталған белсенділер 15 күнге қамалған. Тұтқындалған 7 оппозициялық үміткердің бесеуі әлі абақтыда отыр.

Жексенбі күнгі сайлауда президент Александр Лукашенко келесі мерзімге қайта сайланған.
XS
SM
MD
LG