Accessibility links

Иран оппозициясы үкіметті сынап отыр


Иран оппозициясының жетекшілері үкіметтің энергетика мен азық-түлік өнімдеріне қатысты субсидияларды қысқартуын сынады. Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Карруби Иран экономикасының болашағы нашар болады деп ескертті. Олардың айтуынша, президент Махмуд Ахмадинежадтың үкіметі бұл күрделі жоспарды тиісті дәрежеде жүзеге асыра алмайды.

Оппозиция жетекшілері Иранға енгізілген халықаралық санкцияларды атап өтіп, елде жұмыссыздық деңгейі өседі, жалпы ел экономикасы одан сайын құлдырайды деп отыр.
XS
SM
MD
LG