Accessibility links

ОББ «Уикиликс» келтірген зардапты есептемекші


АҚШ Орталық барлау басқармасы құрған арнайы топ «Уикиликс» сайтында мыңдаған құпия құжаттардың жариялануы салдарынан келген зардапты бағалайды.

ОББ өкілі Джордж Литтлдің айтуынша, сарапшылар құпия ақпараттың жария болуы осы мекеменің шетелдегі байланыстары мен операцияларына қаншалықты әсер ететінін саралайды.

Құпия деректерді «Уикиликс» сайтына берген деп айыпталған Брэдли Мэнинг мемлекеттік және әскери құрылымдар арасындағы ақпарат айналымын қамтамасыз ететін жабық компьютерлік желіні пайдаланған. «Уикиликс» жариялаған құжаттардың бір бөлігі дәл осы желіден алынғаны айтылады.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG