Accessibility links

Республикалық тас жолдағы көлік қозғалысы қалпына келді


Бейсенбі күні таңертең Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе облыстары аумағындағы республикалық тас жолдағы көлік қозғалысы қалыпты режимге көшірілді.

Сәрсенбі күні үскірік аяздың салдарынан Қарағанды және Павлодар облыстарындағы жолдарда дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу қойылған.

Ал Ақтөбе облысы аумағындағы Самара-Шымкент республикалық маңызы бар тас жолда қар аралас жаңбыр мен көктайғақ кесірінен барлық көліктердің жүруіне тыйым салынған еді.
XS
SM
MD
LG