Accessibility links

АҚШ конгресі армяндарға қатысты қарарды мақұлдамады


АҚШ заңшығарушылары осы жылға жоспарланған жұмысын аяқтап, Осман империясы кезінде армяндардың жаппай өлтірілуін геноцид деп атау туралы ұсынылған қарарға қатысты шешім шығармады. Бұл қарарды қолдаушылар конгрестің осы жылғы соңғы сессиясында оның мақұлдануы үшін әрекет жасап көрген болатын. Алайда Обама әкімшілігі оған қарсы болып отыр. АҚШ-тың НАТО-дағы одақтасы Түркия жетекшілері де ұсынылып отырған бұл қарарға наразылық білдірген болатын.

Армяндар Бірінші Дүниежүзілік соғыс барысында шамамен 1.5 миллион армян жүйелі түрде өлтірілген дейді, бірақ Түркия оны геноцид деп атаудан бас тартып отыр.
XS
SM
MD
LG