Accessibility links

Түркия сыртқы істер министрі ирандық әріптесімен кездесті


Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу Иранның сыртқы істер министрі міндетін атқарып отырған Али Акбар Салехимен кездескенін хабарлады. Оның айтуынша, сәрсенбі күнгі кездесу барысында Теһран мен әлемнің алпауыт елдері арасындағы ядролық келіссөз мәселесі талқыланған.

Келесі келіссөздер алдағы айда Стамбулда өтеді деп жоспарланған. Давутоглуның мәлімдеуінше, Түркия Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі шиеленісті жағдайды жеңілдету мақсатында жұмыс атқарып отыр.

Осы айдың басында Иранның ресми өкілдері Женевада АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Британия және Германия өкілдерімен келіссөз өткізген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG