Accessibility links

АҚШ пен ЕуроОдақ Беларусьпен қатынастарын қайта қарамақ


АҚШ пен Еуропа Одағы Беларусьпен арадағы қарым-қатынастарын қайта қарап шығатындарын мәлімдеді. Бұл Беларусь полициясының оппозициялық белсенділерді қудалауымен байланысты.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен ЕуроОдақтың ресми өкілі Кэтрин Эштон Беларусь билігін президент сайлауынан кейінгі шерулер барысында қамауға алынған 600-ден астам белсендіні босатуға шақырды.

Желтоқсанның 19-ындағы сайлауда президент Александр Лукашенко келесі мерзімге қайта сайланған болатын.
XS
SM
MD
LG