Accessibility links

Румыния парламентінде журналист балконнан секіріп кетті


Румынияда парламент отырысы кезінде бір журналист балконнан секіріп кетті. Бұл кезде премьер-министр парламентте бюджеттік шығындарды қысқарту туралы сөз сөйлеп тұрған еді.

40 жастағы журналист Адриан Собару бюджеттік қысқартуларға өз наразылығын осылай білдірмек болған.

Журналист басынан көптеген зақым алған, алайда оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлайды Би-Би-Си.

Жеті метр биіктіктен секірген Собаруға депутаттар мен премьер көмекке келген.

Собару «Сіздер балаларымыздың болашағына балта шаптыңыздар, бізді сатып жібердіңіздер» деген жазуы бар киім киіп алған.
XS
SM
MD
LG