Accessibility links

Медведев пен Обама телефон арқылы сөйлесті


Ресей президенті Дмитрий Медведев пен оның америкалық әріптесі Барак Обама АҚШ сенатында маңызды келісімнің бекітілуін телефон арқылы талқылады. Ақ үйдің хабарлауынша, АҚШ пен Ресей арасындағы ядролық қаруларды азайту жөніндегі келісім екі елдің қарым-қатынастарын нығайтады.

Медведев Ресей парламентінің екі палатасы да Стратегиялық қаруларды қысқарту жөніндегі келісімді ратификациялайды деп үміттенетінін айтты. Мемлекеттік Думада бүгін сол келісімге қатысты дауыс беріледі.
XS
SM
MD
LG