Accessibility links

Пәкістанда тексеру бекеттеріне шабуыл жасалды


Пәкістанның солтүстік-батысындағы Мохманд аймағында тексеру бекеттеріне жасалған шабуылдан 11 сарбаз қаза тауып, кемінде 12 жауынгер жараланды. Бұл туралы Мохманд ауданы әкімшілігінің өкілі Амжад Али Хан мәлімдеді. Оның айтуынша, шайқаста 24 бүлікші өлтірілген.

Бұдан бұрын Ауғанстан шекарасына жақын бұл аймақтағы шайқастан 3 сарбаз мерт болды деп хабарланған еді. Шекаралық қауіпсіздік корпусының мәліметінше, жұмаға қараған түні 150-ге жуық бүлікші тексеру бекеттеріне шабуылдаған.
XS
SM
MD
LG