Accessibility links

ОСК Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту жөніндегі арызды қарамақ


Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы дүйсенбі күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту бойынша референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топтың арызын қарайды. Бұл туралы бүгін сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бейсенбі күні Өскеменде Қазақстан аймақтарының жиыны кезінде 7 адамнан тұратын бастамашыл топ қазіргі президенттің өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзартуға қатысты референдум өткізуді ұсынды. Осы жөніндегі арыз Орталық сайлау комиссиясына тапсырылған болатын.

Бастамашыл топ өкілдерінің болжамы бойынша, референдум 2011 жылдың наурыз айында өткізілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG